KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН AQA «GLOBAL E-ASSESSMENT CONFERENCE 2025» КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА БАҒАЛАУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ 17.06.2025

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН AQA «GLOBAL E-ASSESSMENT CONFERENCE 2025» КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА БАҒАЛАУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен білімді бағалаудың заманауи әдістеріне қызығушылық танытқан әлемнің жетекші мамандарын біріктірген «2025 жылғы e-Assessment Conference» халықаралық конференциясында Ұлттық тестілеу орталығының ҰТО директоры Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы баяндама жасады.

Конференция аясында ҰТО және AQA Global Assessment Services халықаралық ұйымы «Бағалаудың сандық трансформациясының негізін қалау» презентациясында бірлескен ынтымақтастық тәжірибесін ұсына отырып, білімді бағалау саласындағы жетекші ұйымдардың атынан қатысушы халықаралық әріптестерімен бөлісті.

AQA Global бағалау саласындағы GradeMaker Pro атты цифрлық платформасын енгізу бойынша сараптамалық қолдау көрсетуде. Бұл платформа тапсырмаларды әзірлеу мен басқаруға арналған және ҰБТ мен Қазтест секілді маңызды емтихандардың валидтілігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған.

AQA-мен серіктестік бірнеше негізгі бағыттарды қамтиды. Емтихан материалдарының сапасын арттыру үшін тест тапсырмаларын әзірлеуге және оларды цифрлық бағалау жүйелеріне біріктіруге арналған GradeMaker Pro цифрлық платформасы енгізілуде. Сонымен бірге ҰБТ бойынша аудит жүргізіледі: ол жерде AQA сарапшылары ҰБТ тестілерінің сапасын талдап, оларды Ұлыбританияда қолданылатын A-level емтихандарымен салыстырады.

Сессия аясында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов онлайн форматта сөз сөйлеп, цифрлық трансформациядағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті:

«AQA ұйымымен әріптестігіміз – қазақстандық емтихандардың халықаралық деңгейде мойындалуына және бағалау жүйесінің жаһандық интеграциясына жасалған маңызды қадам. Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу мен тәуелсіз сараптама жүргізу еліміздегі бағалау жүйесіне деген сенімділікті арттырады деп сенеміз. Бүгінде Қазақстан жаһандық трендтерге ілесіп қана қоймай, кейбір бағыттар бойынша Орталық Азияда көш бастап келеді».

Сонымен қатар ол қазіргі заманғы бағалау жүйесін қалыптастыруда тұрақты халықаралық серіктестіктің рөлін ерекше атап өтті.

         ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу