ПББ-ны өткізу күнін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі белгілейтінін және қолданыстағы бұйрықта шілдеде ПББ өткізу көзделмегенін ресми хабарлаймыз.
Әлеуметтік желілерде Педагогтердің білімін бағалауды (ПББ) шілде айында өткізу туралы жалған ақпарат таралуда. ПББ-ны өткізу күнін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі белгілейтінін және қолданыстағы бұйрықта шілдеде ПББ өткізу көзделмегенін ресми хабарлаймыз.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланатын ПББ өткізу күндері туралы ресми ақпаратты басшылыққа алуды сұраймыз.
Сондай-ақ, тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO.kz қосымшасы арқылы тегін және тек онлайн форматта жүзеге асырылатынын еске саламыз.
Сақ болыңыздар! Желіде таратылып жүрген тестілеуді тапсыруға көмектесу туралы хабарландырулар алаяқтық болып табылады. Мұндай ұсыныстарға сенбеңіздер және алдаудың құрбаны болмаңыздар.
Сіздерді ПББ-ға өтініштерді қабылдау және өткізу күндері туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырамыз.