Негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 2025 жылғы 12-25 сәуір аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):
12-18 сәуір аралығында ҰБТ-ға бір рет өтініш беру;
19-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.
ҰБТ өткізу мерзімі: 2025 жылғы 16 мамыр – 5 шілде. Сіздер үшін таңдауға 5 күн ұсынылады:
30 мамыр;
4 маусым;
9 маусым;
12 маусым;
16 маусым.
Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту ПУНКТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.
ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 теңге (1 мүмкіндік).
Егер сіз app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттің логин немесе құпия сөзін ұмытсаңыз, UTO.kz қосымшасын жүктеп алып, Face ID арқылы қалпына келтіріңіз.
Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу