KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Негізгі ҰБТ-2025 10.04.2025

Негізгі ҰБТ-2025

Қайырлы күн, талапкерлер!

Негізгі ҰБТ-ға 2025 жылғы мектеп түлектері, колледж түлектері, өткен жылғы түлектер, шартты негізде оқитындар, қандастар және шетелде оқыған Қазақстан азаматтары қатысады.

Негізгі ҰБТ-ға қатысушылардың барлығы оны 2 рет тапсыра алады.

  • 2025 жылы негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 12-25 сәуір аралығында app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі. 12-18 сәуір аралығында бір рет, 19-25 сәуір аралығында тағы да бір рет немесе 12-18 сәуір аралығында өтініш беріп үлгермесеңіз, екі рет өтініш бере аласыздар.

  • Мысалы, 12-18 сәуір аралығында шілдеге өтініш беріп, ал 19-25 сәуір аралығында мамырға өтініш бере аласыздар. Екі мүмкіндіктің арасында бекітілген мерзім жоқ, тек бір күні 2 рет – таңертең және түстен кейін – ҰБТ тапсыруға болмайды.

2025 жылғы мектеп түлектері үшін негізгі ҰБТ-ға қатысу тегін. Ал  колледж түлектері, өткен жылғы түлектер, қандастар және шетелде оқыған Қазақстан азаматтары үшін қатысу құны – 5640 тг. Төлемді 1 сағат ішінде жасамасаңыз, өтінішіңіз жойылады.

Шекті балл жинаған жағдайда негізгі ҰБТ сертификатын грант конкурсына да, ақылы оқуға да ұсына аласыз.

Бұл видеоны 2025 жылы ҰБТ тапсыратын достарыңызға жіберіңіз. Сәттілік! 


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу