Тестілеуді 159 мыңнан астам адам тапсырды.
Оның ішінде:
талапкерлердің 75%-дан астамы шекті балл жинады;
орташа балл – 69 балл;
ең жоғары балл – 140 балл;
ерекше білім беру қажеттілігі бар 386 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 235 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 85 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 95 адам шығарылды;
бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 55 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу