Наурыз айындағы ҰБТ басталғалы бері 88 мыңға жуық адам тест тапсырды.
Оның ішінде:
талапкерлердің 72%-ға жуығы шекті балл жинады;
орташа балл – 65 балл (бес пән бойынша);
ең жоғары балл – 139 балл;
ерекше білім беру қажеттілігі бар 232 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 121 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек:
тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 43 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 55 адам шығарылды;
бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 23 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Қатысушылардың 18,1%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 14,8%-ы «Биология-Химия», 12,6%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы ҰБТ 6 сәуірге дейін өтеді.
Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу