KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Назарларыңызға наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз 17.03.2025

Назарларыңызға наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз

Наурыз айындағы ҰБТ басталғалы бері 54 мыңнан астам адам тест тапсырды.

Оның ішінде:

-    талапкерлердің 67%-ға жуығы шекті балл жинады;

-    орташа балл – 62 балл (бес пән бойынша);

-    ең жоғары балл – 139 балл;

-    ерекше білім беру қажеттілігі бар 169 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 37 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек:

-    тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 26 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;

-    тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылды;

-    бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Қатысушылардың 18,6%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 14,7%-ы «Шығармашылық емтихан», 13,3%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған.


Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы ҰБТ 6 сәуірге дейін өтеді.



Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу