Наурыз айындағы ҰБТ басталғалы бері 21 мыңға жуық адам тест тапсырды.
Оның ішінде:
- талапкерлердің 57%-ға жуығы шекті балл жинады;
- орташа балл – 53 балл (бес пән бойынша);
- ең жоғары балл – 135 балл;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар 69 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 22 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек:
- тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 10 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
- тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 12 адам шығарылды;
- бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Қатысушылардың 18,4%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 16,1%-ы «Шығармашылық емтихан», 12%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы ҰБТ 6 сәуірге дейін өтеді.
Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу