Сіздер апелляцияға өтінішті екі жағдайда бере аласыздар.
- Тапсырманың мазмұны бойынша апелляцияға өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі. Ол дәлелді түсініктемемен негізделуі керек.
- Егер сіз дұрыс жауапты табуға кедергі келтіретін тапсырма шарттарында фрагменттің (мәтін, схема, сызбалар, кестелер) жоқтығын анықтасаңыз, техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш бере аласыз.
Апелляцияға келіп түскен барлық өтініштер Республикалық апелляциялық комиссиямен 30 жұмыс күні ішінде қаралады. Сертификат апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
- Маңызды! Апелляциядан бас тартамын десеңіз, жеке кабинет арқылы қайтарып алуға болады.
Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу