KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
04.03.2025

Құрметті тест тапсырушылар!

ҰБТ-да:

-    аудиториядан рұқсатсыз және сүйемелдеусіз шығуға;

-    аудиториядан 10 минуттан артық шығуға;

-    сөйлесуге, орын ауыстыруға;

-    парақтар мен қағаздарды алмасуға және аудиториядан шығаруға;

-    тыйым салынған заттарды қолдануға;

-    тестілеу кезінде шулауға;

-    тест тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жариялауға;

-    тестілеу жүйесіне сырттан араласуға;

-    техниканы қасақана бүлдіруге тыйым салынады.

Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі немесе тәртіп сақтау ережесін бұзған тест тапсырушы тестілеуді аяқтай алмайды және нәтижесі жойылады.

 

ҰБТ барысында

-    сұрақ болса, тестілеу администраторын шақырып, сұрауға;

-    су ішіп, шоколад жеуге;

-    орында отырып жаттығу жасауға;

-    Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын сұрауға;


-    жұмыс үшін берілген парақтар жетіспесе, қосымша сұрауға рұқсат етіледі.



Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу