Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 3-13 наурыз аралығында өтеді.
Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 15 наурызда өтеді.
Тестілеу 3 бөлімнен тұрады:
- тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін анықтауға арналған тест (қазақ тілінде) – 60 тапсырма, шекті балл – 36;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 15 тапсырма, шекті балл – 9;
- Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 25 тапсырма, шекті балл – 15.
- Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 60.
Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі.
Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді. Сондай-ақ, сайтта тегін байқау сынағы ұсынылған.
Сәттілік!
Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу