Сіздерден осы сұрақ жиі келіп жатады. Жауап берейік.
Әр ҰБТ-дағы әр пән 3 қиындық деңгейінен тұрады:
- негізгі (А) – 50%,
- орташа (В) – 30%,
- қиын (С) – 20%.
Мысалы, «Оқу сауаттылығы» пәнінде 10 тапсырма, оның 5-еуі А-деңгейлі, 3-еуі В-деңгейлі, 2-еуі С-деңгейлі тапсырмалар болады.
Бұл ереже барлық ҰБТ-да сақталады. Яғни, сізге қаңтар ҰБТ-сында келіп түскен нұсқада да, наурыз бен негізгі, тіпті тамыз ҰБТ-сында да дәл осындай қиындық деңгейі сақталады.
Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу