KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Назарларыңызға қаңтар айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз 20.01.2025

Назарларыңызға қаңтар айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз

Қаңтар айындағы ҰБТ басталғалы бері 31 мыңға жуық адам тест тапсырды.

Оның ішінде:

-    талапкерлердің 60%-ға жуығы шекті балл жинады;

-    орташа балл – 58 балл;

-    ең жоғары балл – 136 балл;

-    ерекше білім беру қажеттілігі бар 101 талапкер қатысты.

 

Ереже бұзғаны үшін 71 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек:

-    тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 37 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;

-    тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 34 адам шығарылды;

-    бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

 

Қатысушылардың 18,2%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 13,5%-ы «Биология-Химия», 13,3%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

 


Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айындағы ҰБТ 10 ақпанға дейін өтеді.



Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу