KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Сәлем, достар! 15.01.2025

Сәлем, достар!

Бүгін ҰБТ-да кездесетін бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар туралы айтып өтсек.

 

Екі бейіндік пәнде бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар 10 тапсырма бар.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар 5 тапсырмада максимум 3 дұрыс жауап болады.

 

Яғни, бұндай тапсырмаларда бір, екі немесе үш дұрыс жауап болуы мүмкін.

 

Сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырмада әрқашан екі дұрыс жауабы болады.

Бұл постты ҰБТ-2025 тапсыратын досыңызға жіберіңіз.


Сәттілік!



Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу