Сіздер апелляцияға екі жағдайда бере аласыздар.
Сұрақтардың мазмұны бойынша апелляция тестілеу аяқталғаннан кейінгі алғашқы 30 минутта беріледі. Ол дәлелді түсініктемемен негізделуі керек.
Егер сіз дұрыс жауапты табуға кедергі келтіретін тапсырма шарттарында фрагменттің (мәтін, схема, сызбалар, кестелер) жоқтығын анықтасаңыз, техникалық себептер бойынша апелляцияға бере аласыз.
Апелляция бойынша барлық өтініштер Республикалық апелляциялық комиссиямен екі кезеңде, 30 жұмыс күні ішінде қаралады. Сертификат апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Маңызды! Апелляциядан бас тартамын десеңіз, жеке кабинет арқылы қайтарып алуға боладыЖаңалықтар тізіміне қайтып оралу