Ішкі гранттық қаржыландыруға конкурс
«Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК
Ғылыми жобаларды ішкі гранттық қаржыландыру конкурсы 4 кезеңде өткізіледі:
1 кезең – конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау;
2 кезең – өтінімдерді ресімдеу мен мазмұнға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау;
3 кезең–конкурстық комиссияның өтінімдерді сараптау және Ғылыми-техникалық кеңестің бекітуіне ұсыныстар енгізу;
4 кезең – Ғылыми-техникалық кеңестің отырысында бекіту.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) ішкі гранттық қаржыландыру туралы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдеегі конкурсқа қатысуға өтінім (аннотация, түсіндірме жазба және сұратылатын қаржыландырудың есебі);
2) жұмыс өтілі және жоба жетекшісінің қолы қойылған жобадағы лауазымдардарының сәйкестігі көрсетілген ғылыми жобаға қатысушылардың тізімі;
3) жоба жетекшісінің сәйкестігі туралы растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 17-26 наурызды қоса алғанда қабылданады.
Өтініш берушілерден өтініштер мен құжаттар пакеті электронды түрде naukauto24@gmail.com электронды поштасы арқылы және қағаз жеткізгіште Ғылыми зерттеулер және психометрика зертханасында (каб. 1004, тел. 799-889, ішкі. 157) қабылданады.
Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу