KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Өткен жылғы талапкерлер назарына! 17.10.2024

Өткен жылғы талапкерлер назарына!

Өткен жылғы талапкерлер назарына! Сіздердің ең жиі қоятын сұрақтарыңызға жауап берейік! -Өзім қаламаған мамандыққа оқуға түстім. Келесі жылы негізгі ҰБТ-ны қайта тапсыра аламын ба? Иә, келесі жылы негізгі ҰБТ-ны (мамыр-шілде) тапсырып, шекті балды жинап, грант конкурсына (шілде) қайта қатыса аласыз. -Егер мен қазір жоғары оқу орнында грантта оқып жатсам, келесі жылы грант конкурсына қатыса аламын ба? Келесі жылы грант конкурсына қатысу үшін сіз гранттан бас тартып, жоғары оқу орнынан шығуыңыз қажет. -ҰБТ-ны тапсыру үшін жоғары оқу орнынан шығу керек пе? Жоқ, ҰБТ-ны университеттен шықпай-ақ тапсыруға болады. -ҰБТ-2025-ке тіркелу кезінде қай бөлімді таңдау керек? ҰБТ-2025-ке тіркелу кезінде «Өткен жылғы түлектер» бөлімін таңдап, оны ақылы негізде тапсырасыз. Маңызды: АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ оқуға түсу үшін шекті балл жинаған 4 ҰБТ сертификатының (наурыз, негізгі және тамыз) кез келгенін пайдалануға болады. Ақпарат пайдалы болды деп үміттенеміз! Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу