Сіздердің ҰБТ-ға дайындықтарыңыз тиімді өту үшін ИНФОРМАТИКАДАН тест сұрақтарында кездесетін немесе сұрақтың мазмұнын түсінуге қажет ТЕРМИНДЕР тізімін жариялап отырмыз.
Терминдер testcenter.kz сайтының «ЖОО-ҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ» бөлімінде ұсынылған. Олар үш тілде берілген (қазақ, орыс, ағылшын тілі), сондықтан ақпаратпен өздеріңізге ыңғайлы тілде таныса аласыздар.
Айта кетейік, ҰБТ-ның өзінде осы терминдер бойынша сұрақтар келсе, жақшаның ішінде олардың екі тілде аудармасы болады (Мысалы, тестті қазақша тапсыратындар үшін орыс және ағылшын тілінде).
Сәттілік!