ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ МҰҒАЛІМДЕР КҮНІН ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МАРАПАТТАРЫМЕН АТАП ӨТТІ
Мұғалімдер күні қарсаңында Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – ҰТО) қызметкерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
Комитет төрағасы Қаныбек Жұмашев өз хатында ҰТО ұжымына Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбегі үшін алғысын білдірді.
Алғыс хаттарды тапсыру рәсімі 4 қазанда Ұлттық тестілеу орталығының қабырғасында өтті. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің атынан марапаттарды Айман Тельманқызы Дүйсембаева табыс етті. Өз сөзінде ол оқушылардың білімін бағалаудың объективтілігі мен сапасын қамтамасыз етуде, орта білім үшін педагогикалық кадрларды қалыптастыруда, сондай-ақ елде тиімді білім беру жүйесін қалыптастыруда ҰТО жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Алынған наградалар ҰТО қызметкерлерінің еңбегін мойындау және олардың білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы маңыздылығын растау болды. ҰТО ұжымы Оқу-ағарту министрлігіне өз еңбегін жоғары бағалағаны үшін алғыс білдіреді және Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуына өз үлесін қоса отырып, өз ісіне адал болып қала береді.
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі