KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Төтенше жағдай орын алған аймақ педагогтерінің назарына! 20.08.2024

Төтенше жағдай орын алған аймақ педагогтерінің назарына!

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының педагогтері үшін ПББ өткізу уақыты 2024 жылғы 7 қыркүйекке дейін ұзартылады.
Өтініш қабылдау 2024 жылғы 19-23 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында (сондай-ақ UTO қосымшасында) жүргізіледі.

Бұл тестілеуге санаты жоқ үміткерлер, біліктілік санаттарын арттыратын және растайтын педагогтер (барлығы) қатыса алады.

Білім беру ұйымының педагогтері ПББ-ға бір күнтізбелік жыл ішінде 2 рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы.

Толығырақ  «Педагогтерге» бөлімінде таныса аласыздар.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу