KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Бүгін магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды 11.08.2024

Бүгін магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды

Бүгін магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды. Ол 15 тамызға дейін жоо-лардың қабылдау комиссиялары (офлайн), сондай-ақ виртуалды қабылдау комиссиялары (онлайн) арқылы (https://testcenter.kz/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/vazhnaya-informatsiya-dlya-uchastiya-v-konkurse/virtualnye-priemnye-komissii/) өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін тапсыру керек құжаттарды тағы бір мәрте естеріңізге түсіре кетейік:

- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
- КТ сертификаты;
- халықаралық сертификаттар (бар болған кезде).

Атап өтейік, грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Ал жоо-ларға қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу