KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытынды нәтижелері 09.08.2024

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытынды нәтижелері

іздерді магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытынды нәтижелерімен таныстырып өтсек.

КТ-ны 39 мыңнан астам адам тапсырды.

Оның ішінде:
- 43% тест тапсырушы шекті балл жинады;
- 75 балл – орташа балл;
- 132 балл – ең жоғары көрсеткіш.

Ереже бұзғаны үшін 149 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
- тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 101 оқуға түсуші КТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
- тестілеу барысында тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 41 адам шығарылды;
- 3 бөгде тұлға анықталды;
- тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 4 адамның балы жойылды.

154 білім беру бағдарламалары тобы бойынша республикалық апелляциялық комиссияға 16 мыңнан астам өтініш, оның ішінде мазмұны бойынша 15 мыңнан астам, техникалық себептерге байланысты 902 өтініш түсті. Апелляциялық комиссияның шешімімен 152 бірегей тест тапсырмасы қанағаттандырылды: мазмұны бойынша – 125, техникалық себептерге байланысты – 27 тапсырма.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу