ҚҰРМЕТТІ TOEFL ITP ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ БАР ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР!
Тестілеудің орны мен уақыты туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтында оқуға түсушінің жеке кабинетінде бүгін жарияланды.
Сіздер қосымша тестілеуді 2024 жылғы 8 тамызда тапсырасыздар.
МАҢЫЗДЫ:
- Тест тапсырмаларының саны – 100;
- Тестілеу ұзақтығы – 125 минут;
- Қосымша тестілеу «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады;
«Өтті» деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.