22.07.2024
Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер! Бүгін ардагерлерге арналған квота туралы ақпарат ұсынамыз!
Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін квота 0,5%-ды құрайды. Яғни, жалпы бөлінген гранттың 0,5%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 69 грант немесе 0,5%-ы ұрыс қимыл ардагерлерінің отбасыларына арналған.
Бұл квота бойынша грант конкурсына кімдер қатыса алады?
-жараланудан қаза тапқан немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің, партизандардың және астыртын ұйым қызметкерлерінің отбасылары;
-Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлердің отбасылары;
-қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;
-ұрыс қимылдарда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;
-бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;
-Чернобыльды қоса алғанда, радиациялық апаттар кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
-радиациялық апаттармен байланысты радиациялық аурудан қайтыс болғандардың отбасылары.
Ардагерлер отбасына ері/әйелі және балалары (сондай-ақ асырап алынған балалары) кіреді.
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.
Ақпарат пайдалы болды деп үміттенеміз!