KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Достар, бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды. Ол 6 тамызға дейін жалғасады. 20.07.2024

Достар, бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды. Ол 6 тамызға дейін жалғасады.

Жалпы республика бойынша 42 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
Тестілеу уақыты, күні және орны туралы ақпарат КТ-ға қатысушыларға 12 шілдеде Жеке кабинет және sms-хабарлама арқылы қолжетімді болды.
Тестілеуге еркін киімде қатысуға болады. Қалам және жеке куәлік (паспорт), қалауыңыз бойынша су және шоколад алып келу керек. Қалған заттарды жәшікте тасап кету қажет. Шимай қағаздар КТ орнында беріледі, оларды аудиториядан алып шығуға болмайды. Калькулятор және Менделеев кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады.
МАҢЫЗДЫ: Кешенді тестілеуді тапсырып болғаннан кейін сертификатты Жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде жүктеп алуға болады.
Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.
Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.
Айта кетейік, магистратураға түсушілер 13 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.
Барлық КТ-ға қатысушыларға сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу