Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер! Бүгін мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балаларға арналған квота туралы ақпарат ұсынамыз!
- Бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін квота 1%-ды құрайды. Яғни, жалпы бөлінген гранттың 1%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 137 грант немесе 1%-ы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балаларға арналған.
Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін
-оқуға түсуші 18 ЖАСҚА ТОЛМАУЫ керек.
-Оқуға түсушінің отбасында мүгедектігі бар балалар балалар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар (асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері); бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар (жас бойынша шектеу жоқ) тәрбиеленуі мүмкін.
Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?
-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменті берген мүгедектік туралы анықтаманың (медициналық-әлеуметтік сараптама) көшірмесі;
-квотаны дәлелдейтін басқа да құжаттар.
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған. Ақпарат пайдалы болды деп үміттенеміз!