KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Достар! 19.07.2024

Достар!


2024 жылғы ТАМЫЗ айындағы ҰБТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасында 20-30 шілде аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз!
Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында басталады.

Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:
- 2024 жылғы мектеп және колледж түлектері;
- мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
- шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
- қандастар;
- шартты түрде оқып жатқан студенттер;
- басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері;
- басқа мамандықтан педагогикалық мамандыққа ауысуға ниетті студенттер.

Тамыз ҰБТ-сының сертификатымен ақылы оқуға түсуге болады.
Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

МАҢЫЗДЫ: Негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.
Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу