KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер! Бүгін мүгедектігі бар адамдарға арналған квота туралы ақпарат ұсынамыз! 18.07.2024

Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер! Бүгін мүгедектігі бар адамдарға арналған квота туралы ақпарат ұсынамыз!


Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота  1%-ды құрайды. Яғни, жалпы бөлінген гранттың 1%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 137 грант немесе 1%-ы мүгедектігі бар тұлғаларға арналған.

Бұл квота бойынша грант конкурсына:
- мүгедектігі бар балалар (бірінші, екінші, үшінші топтағы 18 жасқа толмаған балалар, оның ішінде топ бекітілмейтін 16 жасқа толмаған балалар);
- бала кезінен мүгедектігі бар адамдар (18 жасқа дейін мүгедектігі ауру, жарақат немесе ақау салдарынан туындаған 18 жастан асқан адамдар);
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар (жас бойынша шектеу жоқ) қатыса алады.

Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменті берген мүгедектік туралы анықтаманың (медициналық-әлеуметтік сараптама) көшірмесі.

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.

Ақпарат пайдалы болды деп үміттенеміз!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу