KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер! Бүгін «жетім балалар» квотасы туралы ақпарат ұсынамыз! 17.07.2024

Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер! Бүгін «жетім балалар» квотасы туралы ақпарат ұсынамыз!

Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота  1%-ды құрайды. Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 1%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 137 грант немесе 1%-ы жетім балаларға арналған.
Бұл квота бойынша грант конкурсына:
- екі немесе жалғыз ата-анасы қайтыс болған жетім балалар;
- ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары қатыса алады.
Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?
-екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру туралы, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі);
-баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі;
-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде болу фактісін растайтын анықтама.
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.
Ақпарат пайдалы болды деп үміттенеміз!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу