Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер! Бүгін «толық емес отбасы» квотасы туралы ақпарат ұсынамыз!
- Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар квотасы 1%-ды құрайды. Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 1%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 137 грант немесе 1%-ы толық емес отбасынан шыққан балаларға арналған.
-«Толық емес отбасы» квотасы бойынша грант конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші 18 ЖАСҚА ТОЛМАУЫ керек.
-Егер ата-ана ажырасқан болса, кемінде 3 жыл өту керек.
- Ата-ананың біреуі қайтыс болған жағдайда мерзім есепке алынбайды.
-Ата-ананың біреуі қайта некеге тұрған кезде квота қолданылмайды.
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.
Ақпарат пайдалы болды деп үміттенеміз!