2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілгенін тағы да еске саламыз.
Сараланған гранттар – бұл 50% оқу ақысы төленетін гранттар.
300 сараланған грант екі бағыт бойынша бөлінген:
«Педагогикалық ғылымдар» - 150 грант;
«Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 150 грант.
Бұл грант конкурстық негізде беріледі. Яғни, 13-20 шілде аралығында (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында) грант конкурсына қатысу қажет. Ешқандай қосымша құжат қажет емес. Толық грант ұтып алмаған кезекте келесі болып тұрған талапкерлер сараланған грантты иелене алады.