Ауыл квотасы 35%-ды құрайды. Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 35%-ы ауыл квотасымен беріледі.
Ауыл квотасы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша беріледі. Мысалы, педагогикалық, IT, ауыл шаруашылық, ветеринария, медициналық және т.б.
Ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады.
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.