KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары 28.06.2024

Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 264 мың рет тест тапсырылды.

Оның ішінде:
- талапкерлердің 77%-ы  шекті балл жинады;
- орташа балл – 69 балл;
- ең жоғары балл – 140 балл;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар 620 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 502 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 330 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 154 адам шығарылды;
бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 18 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

ҰБТ-ны өткізудің алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі ең жоғары 140 балды жинады. Талапкер ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша кеше, 27 маусымда, Алматы облысының Есік қаласында тапсырған. Естеріңізге сала кетсек, соңғы рет ҰБТ нәтижесі бойынша 140 балды Павлодар облысының талапкері 2021 жылы жинаған болатын, ал 2018 жылы Алматы қаласының талапкері жинады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу