KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз 21.06.2024

Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылды.

Оның ішінде:
талапкерлердің 76%-ы  шекті балл жинады;
орташа балл – 68 балл;
ең жоғары балл – 138 балл;
ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 396 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
-смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
-тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды;
-бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды;
-бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 18%-ы «Математика-Физика», 16%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 15%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу