KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Сіздерді кешенді тестілеудің форматымен таныстырып өтейік 17.06.2024

Сіздерді кешенді тестілеудің форматымен таныстырып өтейік

каз2.jpg

Сіздерге арналған өткен жазбада айтып кеткендей, магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА

Оқу мерзімі: 2 жыл;
- Тест тапсырмаларының саны – 130, жалпы балл – 150;
- Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин).

Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады:
1 бөлім. Шет тілі бойынша тест (тыңдалым + лексика-грамматика + оқылым) – 50 тапсырма. Шекті балл – кемінде 25;
2 бөлім. Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;
-3 бөлім. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен 20 тапсырма беріледі. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы түрде оқуға шекті балл – кемінде 75.

БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА

Оқу мерзімі: 1-1,5 жыл;
- Тест тапсырмаларының саны – 50, жалпы балл – 70;
- Тестілеу уақыты – 100 минут (1 сағ. 40 мин).

Кешенді тестілеу 1 бөлімнен тұрады:
1 бөлім. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен 20 тапсырма беріледі. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы түрде оқуға шекті балл – кемінде 30.

МАҢЫЗДЫ: Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады.
Толық ақпарат www.testcenter.kz сайтының МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ бөлімінде. Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу