KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Негізгі  ҰБТ-ның  аралық  қорытындылары    14.06.2024

Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 115 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

    ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрады. Ең жоғары балл – 138. 266 адам 130 балдан жоғары көрсеткіш көрсетті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 510 талапкер қатысты.
Бүгінгі таңда 315 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 219 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу