KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Назарларыңызға негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз. 07.06.2024

Назарларыңызға негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз.

Достар!

Назарларыңызға негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз.

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 114 мың рет тест тапсырылды.

Оның ішінде:
талапкерлердің 75%-ы  шекті балл жинады;
орташа балл – 68 балл;
ең жоғары балл – 138 балл;
ерекше білім беру қажеттілігі бар 387 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 207 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 152 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 50 адам шығарылды;
бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Үш аптаның қорытындысы бойынша «Оқу сауаттылығы» пәнін ең жақсы тапсырды. Орташа есеппен, сұрақтардың 75%-ына дұрыс жауап берілген. Ал «Физиканы» тапсырған талапкерлер  тек 36% тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін «Механикалық толқындар» тақырыбы қиын болды.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу