KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
 Назарларыңызға SAT, ACT, IB, A Level халықаралық стандартталған тест сертификаттарының балдарын ҰБТ сертификатының балына ауыстыру ШКАЛАСЫН ұсынамыз. 05.06.2024

Назарларыңызға SAT, ACT, IB, A Level халықаралық стандартталған тест сертификаттарының балдарын ҰБТ сертификатының балына ауыстыру ШКАЛАСЫН ұсынамыз.

Құрметті достар!

Назарларыңызға SAT, ACT, IB, A Level халықаралық стандартталған тест сертификаттарының балдарын ҰБТ сертификатының балына ауыстыру ШКАЛАСЫН ұсынамыз.

Естеріңізге сала кетейік, Егер Сізде SAT, ACT, IB, A Level халықаралық стандартталған сертификаттары бар болса, СІЗ оларды білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу және (немесе) жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылдану үшін ҰБТ балдарына ауыстыра аласыз. Сертификаттарды ҰБТ-ға тіркелу барысында өтініште көрсету қажет.

АУЫСТЫРУ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:

Тек SAT reasoning сертификаты бар түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырады. SAT reasoning сертификатының мерзімі берілген күнінен 5 жылдан аспауы керек;
SAT reasoning және SAT subject балдары бар түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырып, ал SAT subject балдары бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады. SAT reasoning және SAT subject сертификатының мерзімі берілген күнінен 5 жылдан аспауы керек;
ACT балдарын ауыстыру үшін Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырып, бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғвнв ауыстырылады. ACT сертификатының мерзімі берілген күнінен 3 жылдан аспауы керек;
IB балдарын ауыстыру үшін Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырып, бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады. IB сертификаты немесе дипломының мерзімі шектелмеген;
A Level балдары ҰБТ балдарына Қазақстан тарихы, Оқу сауаттылығы бойынша ҰБТ тапсырып, бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады. A Level сертификатының мерзімі берілген күнінен 2 жылдан аспауы керек.

‼️Балдардың шкалаға сәйкес болуы МАҢЫЗДЫ. Толығырақ кестеде көрсетілген.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу