KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
  Негізгі  ҰБТ-ның  аралық  қорытындылары 31.05.2024

Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары

Назарларыңызға негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз.

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 71 мың  адам тест тапсырды.

Оның ішінде:
- талапкерлердің 74% –  шекті балл жинады;
- орташа балл – 67 балл;
- ең жоғары балл – 137 балл (үш адам жинаған);
- ерекше білім беру қажеттілігі бар 266 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 126 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 94 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 27 адам шығарылды;
бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Таңғы лекте ҰБТ тапсырушылардың орташа балы түстен кейінгі лекте тапсыратын талапкерлерден жоғары. Қазіргі уақытта айырмашылық 5 балды құрайды: сәйкесінше 69 және 64 балл.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу