KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Аппеляцияға өтініш беру тәртібі 27.05.2024

Аппеляцияға өтініш беру тәртібі

Құрметті талапкерлер! Сіздерді аппеляцияға өтініш беру тәртібімен танысуға шақырамыз.

Сіздер апелляцияға екі жағдайда бере аласыздар.

Сұрақтардың мазмұны бойынша апелляция тестілеу аяқталғаннан кейінгі алғашқы 30 минутта беріледі. Ол дәлелді түсініктемемен негізделуі керек.
Егер сіз дұрыс жауапты табуға кедергі келтіретін тапсырма шарттарында фрагменттің (мәтін, схема, сызбалар, кестелер) жоқтығын анықтасаңыз, техникалық себептер бойынша апелляцияға бере аласыз.

Апелляция бойынша барлық өтініштер Республикалық апелляциялық комиссиямен екі кезеңде, 30 жұмыс күні ішінде қаралады. Сертификат апелляциялық комиссияның  шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Маңызды! Осы жылдан бастап апелляцияны жеке кабинет арқылы қайтарып алуға болады.

Видео нұсқаулық



Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу