KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары 24.05.2024

Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары

Назарларыңызға негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын ұсынамыз.

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 30 мың  адам тест тапсырды.

Оның ішінде:
- талапкерлердің 71% –  шекті балл жинады;
- орташа балл – 64 балл;
- ең жоғары балл – 136 балл;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар 102 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 41 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 32 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 9 адам шығарылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Қатысушылардың басым бөлігі, яғни 20% «Шығармашылық емтихан», 18%-ы «Математика-Физика» және 11%-ы «Математика-Информатика» пәндер комбинациясын таңдаған.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу