KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ-ның күнін, уақытын және пунктін еске салатын SMS жолданады 21.05.2024

ҰБТ-ның күнін, уақытын және пунктін еске салатын SMS жолданады

Сіздің ыңғайлығыңыз үшін ҰБТ-ның КҮНІН, УАҚЫТЫН және ПУНКТІН еске салатын SMS жолданатынын хабарлаймыз.
Яғни, әрбір талапкердің app.testcenter.kz сайтына тіркелу барысында көрсеткен телефон нөміріне хабарлама келеді.
Сондай-ақ, SMS кәмелеттік жасқа жетпеген тестке қатысушының ата-анасына немесе заңды өкілдеріне де жіберіледі.

Осы жазбамен достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу