2019 жылдан бастап барлық колледж түлегі ҰБТ тапсырады. КТА деген жоқ❌
Сіздер ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра аласыздар: МАМЫР-МАУСЫМ айларында (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі), НАУРЫЗ, ТАМЫЗ айларында (егер колледжде бітірген мамандығыңызды жалғастырмаған жағдайда).
ҰБТ-ға тіркелу www.app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылады.
НАУРЫЗ, ТАМЫЗ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҰБТ.
-Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, басқа мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік) бойынша ҰБТ тапсырасыз.
Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.
-Тест тапсырмалар саны – 120;
-Жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут);
-Жоғары балл саны – 140.
-Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, шығармашылық мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 2 пән (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы) бойынша ҰБТ тапсырасыз. Шығармашылық емтихан жоо-да өтеді.
Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.
-Тест тапсырмалар саны – 30;
-Жалпы уақыты – 70 минут;
-Жоғары балл саны – 30.
НЕГІЗГІ ҰБТ (МАМЫР-МАУСЫМ)
-Егер сіз колледждегі мамандығыңызды жалғастырып, грант негізінде жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, өтініш беру бөлімінде «Қысқартылған оқуға түсетін колледж бітірушілері» санатын көрсетесіз. ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырасыз.
Тест тапсырмалар саны – 60;
-Жалпы уақыты – 2 сағат (120 минут);
-Жоғары балл саны – 70;
-Шекті деңгей балы – 25, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.
-Егер сіз колледжді шығармашылық дайындықты талап ететін мамандық бойынша бітіріп, ары қарай осы мамандық бойынша грант конкурсына қатысқыңыз келсе, онда ҰБТ-ны арнайы пәннен тапсырасыз. Шығармашылық емтихан жоо-да өтеді.
Тестілеудің жалпы уақыты – 1 сағат 20 минут (80 минут);
-Егер сіз колледждегі мамандығыңыз бойынша АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, ҰБТ тапсырмайсыз. Құжаттарыңызды жоо-ның қабылдау комиссиясына өткізесіз.
Мұқият оқып, ҰБТ-ға өтініш беретін кезде қателесіп кетпеулеріңізді сұраймыз!