KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмалары бойынша  байқау 19.12.2023

ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмалары бойынша байқау

ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын әзірлеушілер, сарапшылар, «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің жұмыстарын тексерушілер, аудиоматериалдарды дыбыстаушы, монтаждаушы мамандарды іріктеу бойынша БАЙҚАУ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын әзірлеушілер, сарапшылар, «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің жұмыстарын тексерушілер, аудиоматериалдарды дыбыстаушы, монтаждаушы мамандарды іріктеу бойынша 2024 жылға байқау (конкурс) жариялайды.
Құжаттардың толық пакеті kaztest23@mail.ru электронды поштасына 2023 жылғы 29 желтоқсанға дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты 8 (7172) 69-52-96 телефоны арқылы алуға болады.
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
1. Құжаттарды қабылдау (Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда байқау комиссиясының қарауына қабылданбайды);
2. Байқау (конкурс) комиссиясы қатысушылардың құжаттарының талапқа сәйкес/сәйкес емес екендігі туралы шешім шығару;
3. Іріктеуден өткен үміткерлермен әңгімелесу.

Байқауға (конкурсқа) қатысушыларға қойылатын талаптар.

Әзірлеуші, сарапшы, тексерушілерге қойылатын талаптар:
1) Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қазақ тілі мен әдебиеті мамандары;
2) еңбек кітапшасындағы жазбаларға сәйкес 3 (үш) жылдан кем емес еңбек (мүмкіндігінше педагогикалық) өтілінің болуы;
3) педагог-шебер немесе педагог-зерттеуші (мектеп мұғалімдері үшін) дәрежесінің берілгендігі/академиялық немесе ғылыми дәрежесі (магистр, PhD докторы, ғылым кандидаты, ғылым докторлары үшін) туралы куәліктің болуы;
4) білім саласындағы нормативтік құжаттарды білуі (стандарттар, бірүлгі бағдарламалар, т.б);
5) компьютермен жұмыс істеу дағдыларын білуі;
6) педагогикалық өлшеулердің теориялық және қолданбалы негіздерін, тест тапсырмаларының мазмұнын іріктеу қағидаларын білуі қажет.

Аудиоматериалдарды дыбыстаушы мамандарға (дикторларға) қойылатын талаптар:
1) жоғары білімінің болуы (гуманитарлық немесе журналистика/актерлік шеберлік саласында болғаны құпталады);
2) дауысының дұрыс қойылуы, сауатты сөйлей білу дағдысының болуы;
3) актерлік шеберлік негіздерін, кәсіби оқи білудің негізгі құралдарын білу;
4) қазақ, орыс, шет тілдерінің орфоэпиялық және әдеби тіл нормаларына сай сауатты сөйлей білуі.

Аудиоматериалдарды монтаждаушы мамандарға қойылатын талаптар:
1) жоғары білімінің болуы (техникалық немесе IT саласының маманы);
2) аудиофайлдарды редакциялау мен өңдеуге арналған Sound Forge, Adobe Audition бағдарламаларын жетік білуі.

Іріктеу байқауына қатысушылардан талап етілетін құжаттар.
- түйіндеме;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі туралы, ғылыми дәрежені алғаны туралы дипломының көшірмесі;
- Жоғары деңгей (С1) сертификаты (бар болған жағдайда);
- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге қатысты құжаттардың көшірмесі (біліктілікті арттыру, ғылыми дәреже және атақ иелену, категориялар; ғылыми басылымдардың, сертификаттардың көшірмесі, кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мінездеме, ұсыным және өзге де мәлімдемелер).

Әңгімелесу барысында үміткерлерге қойылатын талаптар.
- мемлекеттік тілді білу деңгейі;
- Қазақстан Республикасының Білім туралы, Қазақстан Республикасының Ғылым туралы, Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы, Қазақстан Республикасында Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын білуі;
- қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін білу деңгейі;
- педагогикалық өлшеулердің теориясы мен практикасын меңгеруі.














Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу