KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ТЕСТОЛОГИЯДАН ОҚЫТУ КУРСЫНА 350 ҚАТЫСУШЫ ІРІКТЕЛДІ 17.10.2023

ТЕСТОЛОГИЯДАН ОҚЫТУ КУРСЫНА 350 ҚАТЫСУШЫ ІРІКТЕЛДІ

350 маман ҰБТ-да тапсырылатын 14 пән бойынша таңдалды. Орташа есеппен, әр пәннен ағымдағы жылдың 7 қазанында өткен тестілеуде ең жоғары нәтиже көрсеткен 20-25 педагог іріктелді.

Естеріңізге сала кетсек, конкурсқа қатысу үшін 1598 үміткер өтініш беріп, оның 881-і тестология және пәндік білім бойынша тестілеуден өтті. Қатысушылардың көбі, яғни 177 адам – Алматы, 173 –  Астана және 93 –  Шымкент қалаларынан болды. Мамандықтар бойынша тестілеу тапсырғандардың басым көпшілігі математика пәнінің мұғалімдері – 169 педагог, одан кейін қазақ тілі пәнінің мұғалімдері – 102, сондай-ақ химия пәнінің мұғалімдері – 86 педагог.

Жобаға мамандардың қатысуы олардың білімді бағалау, тестілеу нәтижелерін статистикалық және психометриялық талдау саласындағы құзыреттілігін дамытуға, осы процесте заманауи технологияларды қолдануға көмектеседі. Курс қорытындысы бойынша қатысушылар ҰТО жобаларына қатысуға мүмкіндік беретін халықаралық сертификат алады.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу