2023 жылғы ТАМЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ аяқталды. Республика бойынша тестілеуге 15 мыңнан астам талапкер қатысты.
Жалпы нәтижелері төмендегідей:
-талапкерлердің 56%-ға жуығы шекті балл жинады;
-орташа балл – 55;
-ең жоғары балл – 125.
тыйым салынған заттарды алып өту әрекету салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 45 талапкер айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 29 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Қатысушылардың басым бөлігі, яғни 22%-ы «Химия-Биология және 12%-ы» «Математика-Физика» пәндер комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған пәндер комбинациясы – «Химия-Физика». Оны 30 түлек тапсырды.
Тамыз айындағы ҰБТ кезеңінде түсушілерден электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 10 мың өтініш келіп түсті. Олар өз уақытында өңделді.
Естеріңізге сала кетейік, тамыздағы ҰБТ сертификатымен жоо-ға тек ақылы бөлімге оқуға түсуге болады.