KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
20-21 шілдеде өтетін ПББ-ға өтініштерді қабылдау басталды 19.07.2023

20-21 шілдеде өтетін ПББ-ға өтініштерді қабылдау басталды

Сіздерге 2023 жылғы 20-21 шілдеде өтетін ПББ-ға өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

МАҢЫЗДЫ: Тестілеу тек суретте көрсетілген тест тапсыру пунктерінде жүргізіледі. Яғни осы мекенжайлар бойынша ғана тапсыра аласыздар.

Бұл тестілеуге қатыса алады:

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
-білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
-жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
-қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
-білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
-педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
-педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);
-педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу