Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге республика бойынша 42 569 өтініш келіп түсті
2023 жылғы 1 маусым мен 15 шілде аралығында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізілді.
Нәтижесінде республика бойынша 42 569 өтініш келіп түсті.
Ең көп таңдалған білім беру салалары:
-Педагогикалық ғылымдар;
-Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
-Бизнес, басқару және құқық.
КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ КҮНІ, УАҚЫТЫ, ОРНЫ туралы ақпарат жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде 18 шілде жарияланады. Мұқият болып, өткізіп алмаңыздар!
Айта кетейік, тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатпен кіргізеді (жеке куәлік немесе паспорт).
Сіздерге сәттілік!