KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
 Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады 12.07.2023

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады

Сіздерге 2023 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасатынын хабарлаймыз.

Құжаттарды қабылдау 3 тәсіл бойынша жүзеге асырылады.

1. Офлайн. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы. Бұл ретте тұрғылықты мекенжайыңызға жақын орналасқан кез келген университеттің қабылдау комиссиясына жүгінуге болады;
2. Онлайн. Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, құжаттар қабылдайды;
3. Онлайн. Egov.kz порталы арқылы.

Айта  кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу