2023 жылғы докторантураға түсу емтиханына өтініштерді қабылдау бүгіннен бастап, 3 тамызға дейін жүргізіледі
2023 жылғы докторантураға түсу емтиханына өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz сайтында бүгіннен бастап, 3 тамызға дейін жүргізіледі.
Өтініш беру кезінде тек ТЕСТІЛЕУ ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) таңдай аласыздар.
Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда Жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ұсынылады.
Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
ДТЕ-ға қатысу құны 21 072 теңгені құрайды.
МАҢЫЗДЫ:
1. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат ағымдағы жылғы 4 тамызда түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңгені құрайды;
2. Былтырдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек;
3. Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады;
4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75-ті құрайды.